Тәртіп сақшылары жасаған жедел қорытындыда Алатау мен Медеу аудандарының учаскелері тазартылды.
Жалпы 1 678 заңсыз әрекетке, тонау және басқа да қылмыстарға қатысқандар ұсталды. 36 атыс қаруы мен 1 476 оқ-дәрі тәркіленді. Қала периметрі бойынша орнатылған бес бақылау-өткізу бекетінде 38 адам ұсталды, — делінген Алматы комендатурасы ақпарат орталығы хабарламасында.
