Бүгін біз жаңа премьер-министрді тағайындадық. Бірқатар нақты міндеттер қойдық. Премьер-министрге үш апта ішінде Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын. Оны ақпан айының басында Үкіметтің кеңейтілген отырысында қарастырамыз, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында.
Президент жаңа премьер-министрдің жұмысына табыс тіледі.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр қызметіне Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынған еді.
Әлихан Смайыловтың кандидатурасын Мәжіліс депутаттары бірауыздан қолдады.
Осыдан кейін Әлихан Смайыловты президенттің премьер-министр қызметіне тағайындау туралы тиісті жарлығы шықты.
