Бұл туралы облыстың Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
2 қаңтар күні сағат 22.20-да Панфилов ауданындағы Әулиеағаш ауылының маңында Nissan Cefiro көлігінің қатысуымен жол апаты болды.
Көлікті Көктал ауылының 15 жастағы тұрғыны басқарған. Көлік Көктал — Әулиеағаш тасжолында аударылған. Оқиға орнында жүргізуші мен 14-15 жастағы екі жолаушы қаза тапты. Тағы екі жасөспірім түрлі жарақаттармен орталық аудандық ауруханаға жатқызылды, — деп хабарлады полициядан.
Бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
