Ranking.kz сарапшылары мәліметінше, қарашада елімізде тұрғын үй бағасы 0,6% артып, шаршы метрі 354 мың теңгеге дейін жетті. Қайталама нарықта баға 1,1%, шаршы метр үшін 282 мың теңгеге дейін жетті. Бір жыл ішінде республикада жаңа тұрғын үй нарығындағы бағалар 15,2%, қайталама нарықта 23,1% өсті.

Жылжымайтын мүлік бағасы артуы дүниежүзілік трендке айналды. Мысалы, Түркияда биыл екінші тоқсанда тұрғын үй 33%, Чехияда 14,7%, Эстонияда 11,9% қымбаттаған. Португалия мен Германиядағы жаңа пәтерлер 7-8% қымбаттады. Бұл орайда Еуропада базалық мөлшерлеме 2016 жылғы наурыздан бастап 0% деңгейінде қалды, ал Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 9,75% дейін көтерді.
Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда тұрғын үй бағасы бұрынғыдай өспеген.

Қазақстанның ірі қалаларында үшінші тоқсан қорытын бойынша, жаңа тұрғын үй бағасының жылдық өсімі Алматы үшін 13%, Нұр-Cұлтан үшін 15,6%, Шымкент үшін 16,8% болды. Қайталама нарықта көрсеткіштер жоғары (Алматыдан басқа), онда 9,8%, 27% және 54,6% болды.
