Алматыда коронавирустың «омикрон» штамын жұқтырғандар болуы мүмкін

Омикрон ендігі Алматыға келген болуы мүмкін, өйткені вирус жұқтыру дерегі өскені байқалады. Бірнеше күн бұрын 30 жағдай болса, бүгін ол 60-қа жуықтады. Бірнеше күнде көрсеткіш екі есеге өсті. Сондықтан қала әкімдігі мен коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі қалалық штаб барлық алматылықты Жаңа жылда Алматыда болуы мүмкін індет салдарын түсінуге шақырады, — деді Ержан Бабақұмаров.

Алматының санитарлық-эпидемиологиялық қызмет бастығының орынбасары Сәдуақас Байғабылов та жағдайға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, өткен аптада науқастардан 25 сынама алынған. Айналымдағы штамдарды геномдық жүйелеу жүргізіліп жатыр, оған орта есеппен екі-төрт апта уақыт кетеді, содан кейін ғана олардың құрамында омикрон бар-жоғын анықтауға болады.

Өткен аптамен салыстырғанда алматылықтар арасында COVID-19-ды жұқтырудың жаңа жағдайлары екі есе артуына байланысты омикрон штамы айналымының ықтималдығы бар, — деді Сәдуақас Байғабылов.