Атырауда Абай Құнанбаевтың ескерткіші ашылды

Сайт мәліметінше, ескерткішті белгілі елордалық мүсінші Асқар Нартов жасаған. Биіктігі 11 метр. Ескерткіш Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған.

Ескерткіштің ашылу салтанатына қоғам белсенділері, мемлекеттік қызметкерлер, ардагерлер мен жастар қатысқан. Жиналғандарды облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов құттықтады.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай облыста бірқатар шаралар өтті. Ел тәуелсіздігінің мерейтойына орай ұлы ақын, ойшыл Абайдың ескерткішін ашып отырмыз. Бұл облыс үшін тарихи оқиға. Өйткені, Абай Құнанбаев — бүкіл әлемге әйгілі ақындардың бірі, — деді облыс басшысы.

Ескерткіштің ашылу құрметіне арналған дәстүрлі лентаны Махамбет Досмұхамбетов пен Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ілия Жақанов қиды. Шара соңында жаңа ескерткішке гүл шоқтары қойылған.

bf9ecddc62fb08a5cb07932c2b69c621 Атырауда Абай Құнанбаевтың ескерткіші ашылды