27 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сәйкес, оңтүстік облыстарда жауын-шашын болады, тек шығыста және оңтүстік-шығыста күн жауын-шашынсыз өтеді. Кей жерлерде жел күшейеді, тұман, көктайғақ болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде  тұман күтіледі, түнде бұрқасын болды.

Жамбыл облысының  бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады, 15-20 м/с-пен соққан желдің екпіні 23 м/с-қа күшейеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23  м/с-қа артады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с  күшейеді.

Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай облыстарында, түнде және таңертең Қарағанды облысының жекелеген жерлерінде тұман болжанады.

Солтүстік Қазақстан облысында жаяу бұрқасын болып, тұман болады.

Павлодар облысының аудандарында бұрқасындатып, 15-20 м/с екпінде жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысының кей аумақтарында тұман, 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады.

ДереккөзInform.kz

1 пікір

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да