28 желтоқсан күні 3 825 алматылық вакцина салдырды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 28 желтоқсан аралығында қалада 1 047 279 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 009 567 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 123 278 адамның жасы 60-тан асқан,- деп хабарлады басқармадан.
Алматыда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесін 29 276 адам салдырды. Оның ішінде 1 600 жүкті әйел, 5 840 бала емізетін ана және 21 836 жасөспірім бар.
Қалада 132 пункт жұмыс істеп тұр. 756 адамнан тұратын 201 екпе бригадасы бар.
Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді, — деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
