Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-парағында жазды.
Айдос Үкібайдың хабарлауынша, кездесу «тет-а-тет» форматында өтіп жатыр. Жиында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің не туралы сөйлескені Elbasy.kz сайтына жарияланады.
Началась встреча Нурсултана Назарбаева и Владимира Путина в формате «тет-а-тет». Подробная информация о переговорах будет опубликована на сайте https://t.co/X4BXg6zKjQ
— Aidos Ukibay (@Aidos_Ukibay) December 28, 2021
Айта кетейік, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеше, 27 желтоқсанда Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдер басшыларының дәстүрлі бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургке барды.

