Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Санкт-Петербургке барды

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында жазды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше мемлекеттер басшыларының дәстүрлі бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургке жұмыс сапарымен келді. Кездесу барысында ТМД-ға мүше мемлекеттердің басшылары Достастық аясында атқарылған бірлескен жұмыстардың қорытындыларын, көпжақты ықпалдастықты дамытудың және Ұйым қызметінің тиімділігін арттырудың перспективаларын талқылайды, — деді Берік Уәли.

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото Берік Уәлидің Facebook-парақшасынан

Президенттің баспасөз хатшысы сонымен бірге халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастыру жоспарланып отырғанын хабарлады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да