Қала көшелерінде қар тәулік бойы тазартылып жатыр. Жүргізушілерге абай болып, жол бойында көлік қоймауға, қоғамдық көлік қозғалысына және қар жинайтын техниканың жұмысына кедергі келтірмеуге шақырамыз, — делінген полиция хабарламасында.
Жүргізушілер үшін ең қауіптісі – мұз қатқан тайғанақ асфальт.
Жол төсемі тайғақ, сонымен бірге мұз қатқан. Бұл көліктің тежеу жолының ұзаруына ықпал етеді. Соған байланысты жолдарда қауіпсіздікті сақтау мақсатында автокөлік жүргізушілеріне жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты сақтау ұсынылады, — делінген ақпаратта.
Сонымен бірге жолдан өтіп жатқан жаяу жүргіншілер де сақ болуы қажет.
Бұған дейін «Қазгидромет» РМҚ синоптиктері қазақстандықтарға алдағы үш күнде – 2021 жылдың 23-25 желтоқсанында аяз болатынын ескертті.
