Денсаулық сақтау министрлігінің 21 желтоқсандағы мәліметі бойынша, 19 302 адам (–16 756+ және 2 546 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.
Олардың ішінде стационарда 3 207 пациент, амбулаторияда 16 095 науқас ем алып жатыр.
Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 271 адамның жағдайы ауыр, 74 пациенттің жағдайы өте ауыр. 53 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Айта кетейік, елімізде күннен-күнге COVID-19 инфекциясын жұқтыру дерегі азайып келеді. Қазақстанда өткен тәулікте 369 адамнан коронавирус анықталды.
