Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, 14 желтоқсанда ел өңірлерінде коронавирус пневмониясының 52 жағдайы тіркелді, 1 адам қайтыс болды.
15 желтоқсанда коронавирустың 575 жағдайы анықталды, 9 адам қайтыс болды. Жалпы пандемия басталғалы індетті 981 435 адам жұқтырды, 951 109 жазылып шықты, 12 896 адам қаза тапты.
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар бойынша мәлімет ұсынды.
16 желтоқсандағы ақпаратқа сәйкес, ел өңірлерінде 20 096 адам коронавирус инфекциясынан (–17 430+ және 2 666 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 3 536 пациент стационарда, 16 560 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+ (коронавирус), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандардың арасында:
— 294 адамның жағдайы ауыр;
— 89 пациенттің жағдайы өте ауыр;
— 67 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
