Алматыда «Тәуелсіздік» монументіне гүл қою рәсімі өтті

«Тәуелсіздік» монументі алдындағы салтанатты шараға қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қала тұрғындары қатысты.

Сонымен қатар гүлді желтоқсандықтар, партиялар мен азаматтық қоғам өкілдері, Ауған соғысының жауынгерлері және Чернобыль қатысушылары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Nur Otan партиясының жастар қанатының өкілдері қойды.

Іс-шара әскери үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен өтті.

2112161118490006g Алматыда «Тәуелсіздік» монументіне гүл қою рәсімі өтті

  • Айта кетейік, Тәуелсіздік монументі Республика алаңында 1996 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен ашылды.

2112161118436002g Алматыда «Тәуелсіздік» монументіне гүл қою рәсімі өтті