10 желтоқсандағы жағдай бойынша, Ақмола облысы «қызыл» аймақтан «сарыға» өтті.
«Қызыл» аймақта бір де бір өңір қалған жоқ.
«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.

- Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 648 дерегі тіркелді, 922 адам аурудан айықты.
