Талдықорғанда екі кітаптың таныстырылымы өтті

Осы кітапы тиісті оқу орындарына және кітапханаларға беріп, қазірден түсініп отырмыз, осы кітаптардың оқырманға үлкен қызығушылық артатынын. Ары қарай, оны көбейту мәселесі қиынға апармайды. Жұмыс ары қарай өзінің жалғасын табады, — деді Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетов.

Жалпы, осыдан 2 жыл бұрын Талдықорғанда «Томас, Люси және Алатау» кітабының тұсаукесері өтіп, авторы Джон Масси Стюарт Жетісу жеріне арнайы келген болатын.

Дәл сол уақытта кітапты қазақ және орыс тілдеріне аударуға ұсыныс тасталған еді. Ал, өткен жылы жоба қолға алынып, бүгін аударма кітап қазақ тілді оқырманға жол тартты. Кітапта, Аткинсондардың Сібір мен қазақ даласында басынан кешкендері жайлы баяндалады.

Бұл кітаптың оқырманға берері көп. Өйткені, ең алдымен Жетісу оқырманына қызық болады. Өйткені, оқып отырған кезде Жетісулықтар өздеріне таныс мекендердің атауларын кездестіреді. Бірақ тек Жетісулықтармен шектелмейміз. Өйткені, бұл кітаптың дереккөз ретінде бүкіл қазақ оқырманына маңызы зор, — дейді аудармашы Бақытжан Бұқарбай.

Ал, «Ұлы дала саяхатшылары» кітабында Папа елшілерінен бастап, Ресей революциясына дейін жазылған. Аударма авторы – Алмас Нұрбақытов. Алдағы уақытта қос кітаптың тұсаукесерін Біріккен Корольдікте де өткізу жоспарда бар.

a8bac131d2a299a4b3fbd829ede3060e Талдықорғанда екі кітаптың таныстырылымы өтті
Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да