Денсаулық сақтау министрлігінің 26 қарашадағы мәліметі бойынша, 27 696 адам (–24 635+ және 3 787 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.
Олардың ішінде стационарда 5 857 науқас, амбулаторияда 21 839 науқас ем алып жатыр.
Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 422 адамның жағдайы ауыр, 121 науқастың жағдайы өте ауыр. 81 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте 971 адамнан коронавирус анықталды.
