Бүгіннен бастап біз жасөспірімдерге емханаларда вакцина сала бастадық. 12-17 жастағы 1 619 баланың екпе алғысы келді. Егер жасөспірім ата-анасының келісімінсіз вакцинацияға келсе, медицина қызметкерлері олармен хабарласып, келісімін сұрайды. Тізімдер бар, педагогтар бізге көмектеседі, — деді Лаура Мырзағали.
Дәрігерлер өз тараптарынан жасөспірімдерді вакцинациялау алгоритмін түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Мәселен, ата-аналар, егер қаласа, балаларын вакцинациялау кезінде емханада да, мектепте де бірге бола алады.
Бүгінде 12-17 жас аралығындағы қазақстандық жасөспірімдерге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған және 12 жастан асқан балалар мен жүкті әйелдерге салуға рұқсат етілген «Комирнати» (Pfizer компаниясы) вакцинасы егілетін болады.
