Алматы облысында бір күнде 89 адам коронавирус жұқтырды

Кейінгі тәулікте ауырғандар саны – 89, өсім деңгейі – 0,2%. Соның ішінде Талдықорғанда – 18, Панфилов аудандарында – 15, Текеліде – 8, Алакөлде – 7,  Ұйғыр, Еңбекшіқазақ, Кербұлақ,  Ескелді аудандарында – 6-дан, Жамбыл, Іле аудандарында – 5-тен, Талғар ауданында – 4, Қарасай ауданында – 2, Кеген ауданында – 1.

01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 8 037  жағдайы тіркелді, соңғы тәулікте Қарасай ауданында 5 дерек анықталды.

04.11.2021 жылғы дерек бойынша ПЦР тәсілімен 1 096 032 адам зертханалық тексеруден өтті, кейінгі 3 күнде тексерілгендер саны – 7 096. Барлығы 1060 адам стационарлық ем қабылдап жатыр. Ауруханаларға бір тәулікте 98 адам түсті, 129 адам шығарылды.

Инфекциялық төсек-орын жүктемесі – 47,2 %. Жансақтау бөлімінде 42 пациент жатыр, соның 4-еуі ИВЛ аппаратына қосылған.

Облыста бір тәулікте COVID-19 инфекциясынан 57 адам жазылды.

COVID-19 қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 817 301 адам алды, соның 1 938-і өткен тәулікте егілді. 2-ші компонентін 740 609 адам алды, оның 2 125-і екпені өткен тәулікте салдырды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да