Ведомствоның мәліметіне қарағанда, коронавирустан 23, пневмониядан 5 науқас қайтыс болды.
7 қарашадағы мәлімет бойынша коронавирус инфекциясынан 40 950 адам (35 586 КВИ+ және 5 364 КВИ-), олардың ішінде 7 401 пациент стационарда, 33 549 науқас амбулатория деңгейінде емделіп жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 558 адамның жағдайы ауыр;
- 142 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 115 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
5 қарашада коронавирус инфекциясына ұқсас пневмонияның 145 дерегі тіркелді.
