Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Науқастардың 7 648-і стационарда, 34 982 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. Коронавирус пен коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырғандардың ішінде 538 адамның жағдайы ауыр, 155 науқас өте ауыр жағдайда жатыр. Ал 99 адам өкпені жасанды желдету аппаратында, — делінген хабарламада.
Ведомствоның 3 қарашадағы дерегі бойынша коронавирустан 23, коронавирус белгілері бар пневмониядан екі науқас қайтыс болды.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 1 421 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.
