Сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік жартысында қар, сулы қар, тұман көрінуі 200-500 метр, көктайғақ күтіледі.
Солтүстік облыстар мен Орталық Қазақстан аймақтарында қарлы бұрқасын тұрады. Қостанайда ауа температурасы -20 градусқа дейін төмендейді.
Еліміздің шығысы Өскемен, Семей қалаларында сынап бағанасы -2, -4 градусты көрсетеді деп күтілуде.
Батыс аймақ, Орал қаласында қар жауып, сынап бағанасы -10 градусқа төмендесе, Ақтөбе, Атырау қалаларына -8, -13 градусты көрсетеді деп болжануда. Ал Ақтау қаласында ауа температурасы +2 градусқа көтеріледі деп күтіледі.
Сондай-ақ, оңтүстік аймақ Алматы, Тараз, Шымкент қалаларында күн жылы болып, сынап бағанасы +1, +3 градус аралығын көрсетеді.
Ал еліміздің бас қаласы Астанада қар жауып, ауа температурасы -4 градус болады деп күтілуде.
