Бұйрық қосымшасында мына оқу орындарында стипендиялар көрсетілген:
«Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» республикалық мемлекеттік мекемесі – 5;
«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесі – 9;
«Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі – 4.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Экономика және қаржы департаменті қосымшада көрсетілген бөлуге сәйкес жоғары оқу орындарына тиісті қаржы жылына республикалық бюджетте қарастырылған қаражаттар шегінде төлеуді қамтамасыз етсін, − делінген құжатта.
