Елімізде коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны 17 мыңға жуықтады

23 қазандағы мәлімет бойынша 50 869 адам коронавирус инфекциясынан (44 687 КВИ+ және 6 182 КВИ-), олардың ішінде 8 750 пациент стационарда, 42 119 науқас амбулатория жағдайында емделіп жатыр.

aae2b740c525a91e43f4a3d8bd2529ba Елімізде коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны 17 мыңға жуықтады

Коронавирус пен пневмония жұқтырған науқастар арасында:

  • 631 адамның жағдайы ауыр;
  • 162 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 107 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Қазақстанда кеше, 22 қазанның қорытындысы бойынша коронавирус инфекциясын 1 732 адам жұқтырды, 1 979 адам аурудан жазылып шықты.

Елімізде бүгінге дейін коронавирустан 11 907,  пневмониядан 4 998 қайтыс болды.