COVID-19: Алматы облысы «қызыл» аймақтан бірден «жасылға» өтті

Соған сәйкес, Алматы облысының «қызыл» аймақтан «жасыл» аймаққа, Қызылорда облысы «жасыл» аймақтан «сары» аймаққа ауысты.

«Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан мен Алматы, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

«Сары» аймақта Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан.

Ал Шымкент пен Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары «жасыл» аймақта.

Матрица

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 925 мыңға жуықтады.