Денсаулық сақтау министрлігінің 18 қазандағы мәліметі бойынша, 52 825 адам (–46 275 + және 6 550 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.
Олардың ішінде стационарда 9 329 науқас, амбулаторияда 43 496 науқас ем алып жатыр.
Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 628 адамның жағдайы ауыр, 177 пациенттің жағдайы өте ауыр. 104 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі азайып келеді. Елімізде өткен тәулікте 1 642 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.
