Қазақстанның батыс, оңтүстік-батыс бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз. Желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Шығыс аймақтарда жауын жауады. Жергілікті циклонның әсерінен солтүстік аймақтарда жаңбыр соңғы қарға ұласуы мүмкін.
Нұр-Сұлтанда түнде басталған жаңбыр таң атқанда жауып, енді қалада көктайғақ болуы мүмкін. Сондықтан жолаушылар мен тұрғындарға өте сақ болған абзал. Өйткені өткен тәулікте қалада 68 жол көлік оқиғасы тіркелген.
Кезең ішінде ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Тек солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, – делінген Қазгидромет РМК хабарламасында.
