Балалардан бөлек Pfizer вакцинасын кімдер салдыра алады?

Pfizer вакцинасына тоқталсақ, бастапқы кезеңде бұл екпелер 12 жастан бастап балаларға және жүкті әйелдерге арналады. Кейін осы вакцинамен қамтылатындар тізімін кеңейтуіміз мүмкін, − деп жауап берді Алексей Цой Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, Pfizer компаниясының вакцинасы 12-17 жас аралығындағы балалар мен жүкті әйелдерге рұқсат етілген жалғыз екпе болып тұр.

Министрлік Pfizer компаниясымен 2021 жылдың соңына дейін 4 миллион доза вакцинаны жеткізу бойынша шартқа қол қойды, − деді министр.

Сонымен бірге министр қазіргі уақытта республика азаматтарына «Гам-КОВИД-Вак» (Спутник V), QazVac, Hayat-Vax, «КоронаВак» және «Синофарм» сияқты бес түрлі вакцина қолжетімді екенін атап өтті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да