Елімізде коронавирус пен пневмониядан тағы 39 адам қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрлігінің 5 қазандағы мәліметі бойынша, 58 383 адам (50 486 + және 7 897 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 10 066 пациент, амбулаторияда 48 317 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 732 адамның жағдайы ауыр, 223 пациенттің жағдайы өте ауыр. 135 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Статистика

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі азайып келеді. Елімізде өткен тәулікте 1 624 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да