Денсаулық сақтау министрлігінің 25 қыркүйектегі мәліметі бойынша, 64 475 адам коронавирус инфекциясынан (–55 621 + және 8 854 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 11 146 пациент стационарда, 53 329 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 895 адамның жағдайы ауыр;
• 230 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 138 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Айта кетейік, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны азайып келеді. Өткен тәулікте 2 324 адамнан коронавирус анықталды.
