Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандардың наградасы отбасына табысталды

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шара түске дейін Шымкенттің төтенше жағдайлар департаментінде өтті.

Түстен кейін Юрий Ильин Таразға барды. Төтенше жағдайлар министрі мен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысы  төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қайтыс болған өрт сөндірушілерінің туыстарына мемлекеттік наградаларды табыстады.

Әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін марқұм Сергей Заикин Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы І дәрежелі “Айбын” орденімен, № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері-құтқарушылары Әділет Әділбек пен Әліби Кеңес, № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің автомобиль жүргізушісі-қызметкері Ғафан Қуатбек ІІІ дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталды.

Шараға қатысушылар жарылыс салдарынан қайтыс болған өрт сөндірушілерді бір минут үнсіздікпен еске алды. 

Юрий Ильин Жамбыл облысында болған қайғылы оқиға салдарынан қайтыс болған өрт сөндірушілердің туған-туыстарына көңіл айтты.

Министр сөзінде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері олардың отбасыларына алдағы уақытта да қолдау көрсететінін, ал балалары Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсуге ниет білдірсе, көмек берілетінін де айтты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да