Арыста жеке кәсіпкер мектеп салып жатыр

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі құрылыс президенттің халыққа жолдауында көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру аясында қолға алынғанын хабарлады.

Онтам ауылында ұзақ жылдар бойы шешімін таппай келген мектеп мәселесін түпкілікті шешуге бірқадам жақындай түстік. Жеке кәсіпкер Клара Нұрманованың өз қаражаты есебінен 150 орындық мектеп салып беру бастамасын қолдап, қуаттап, әкімшілік тарапынан жер мен өзге де құжаттандыру мәселесіне қатысты түйіндерді жедел шештік, – дейді қала әкімі Гүлжан Құрманбекова.

Арыс, мектеп құрылысы
Фото: Арыс әкімдігінің баспасөз қызметі

2,5 гектар аумақты алып жатқан мектеп маңында спорт алаңы да салынады. Жергілікті 50 азаматты жұмыспен қамтитын құрылыс нысаны 2023 жылда аяқтау жоспарланған. Десек те, мердігер компания нысанды алдағы оқу жылында толық бітіріп, пайдалануға беруді көздеп отыр.

Арыс, мектеп құрылысы
Фото: Арыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, бүгінде Онтам ауылында «Ынтымақ» атындағы шағын жинақты бастауыш мектеп қана бар. Ол жерде 1-4 сынып аралығындағы 50 бала білім алады. Ал 5-11 сынып аралығындағы 42 бала Ақдала ауылындағы С.Ерубаев атындағы мектепке тасымалданады. Жалпы алғанда ауыл тұрғындарының саны 500-ге жуық болса, оның 105-і мектеп жасындағы балалар.

Арыс, мектеп құрылысы
Фото: Арыс әкімдігінің баспасөз қызметі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да