Денсаулық сақтау министрлігінің 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша 110 420 адам (–103 553 + және 6 867 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.
Олардың ішінде стационарда 23 744 пациент, амбулаторияда 88 676 науқас ем алып жатыр.
Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 1 704 адамның жағдайы ауыр, 493 пациенттің жағдайы өте ауыр. 241 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 4 320 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды.
