Халық санағын өткізу кезінде бүкіл ел бойынша 32 313 адам уақытша жұмысқа орналастырылады. Оның ішінде 6 мыңнан астамы маусым айында дайындық кезеңіне тартылған. Өңірлерде интервьюерлерді жұмысқа арнайы құрылған комиссия алады. Жұмысқа вакциналаудан өткен азаматтар ғана алынады және олар жеке қорғаныш құралдарымен жабдықталады, − деді Нұрболат Айдапкелов.
Бюро басшысының айтуынша, 2018-2023 жылдарға арналған ұлттық халық санағын қаржыландырудың қажетті көлемі 9,1 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар ол соның жартысынан көбі, яғни 4,07 млрд теңге еңбекақыға жұмсалатынын айтты. Қазіргі уақытта 3,5 млрд теңге игеріліпті.
