Атырауда вакцина алған ұтыс жеңімпаздарына сертификаттар тапсырылды

«Вакцина сал да, ақшалай сыйлыққа ие бол!» ұтысының
11 тамызда төртінші кезеңі қорытындыланып, 10 жеңімпаз анықталды. Олардың әрқайсысы 200 мың теңгенің сертификатына ие болды.

aafcd06e7cfd08cfbbf3d57f788d1f8a Атырауда вакцина алған ұтыс жеңімпаздарына сертификаттар тапсырылды

Жеңімпаздар қатарында түркістандық Байқоныс Сәрсембаев та бар. Ол Атырауға ауысымдық жұмысқа келіп, жергілікті вакцинациялау пунктінен екпе алған.

Өте қуаныштымын! Бұйырған кетпейді екен. Жұмысқа барар алдында, өз денсаулығым үшін екпе алғанмын. Бірақ, ақша ұтамын деп мүлде ойламаған едім, – дейді Б.Сәрсембаев.

Еске сала кетейік, Атырауда аталған ұтыс ойыны биылғы жылдың 30-шы маусымынан басталды.

b1c9170e90b9efd2d65a6c786b2cda9f Атырауда вакцина алған ұтыс жеңімпаздарына сертификаттар тапсырылды

Осы уақытқа дейін 32 жеңімпаз анықталды. Оның екеуі 3 миллион теңгенің иегері. Ұтыс ойыны қазан айына дейін жалғасады. Ал, қыркүйекте осы айдың соңына дейін вакцинацияланғандар арасында 1 миллион теңгелік сертификаттар ойнатылады.

Еске сала кетелік, «Азаматтық альянс» ұйымының бастамасымен іске қосылған ұтыс акция сының жалпы жүлде қоры — 40 миллион теңге.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да