Қазақстанда балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салынуы мүмкін

Бүгінде әлемде қолданылатын барлық вакцина 18 жасқа дейінгі балаларға егілмейді. Әйтсе де Pfizer вакцинасы 12 жастан асқан балалар салынуда. Сондықтан біз қазіргі таңда балаларға вакцина салу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Өйткені Қазақстанда 12 мен 18 жасқа дейінгі балалардың саны –  шамамен екі миллион. Бұл аз емес. Оның үстіне елде үнді штамы таралып, соңғы уақытта балалар вирусты жиі жұқтырып жатыр, — деді Айжан Есмағамбетова брифингіде.

Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасының айтуынша, балаларға вакцина ата-анасының рұқсатымен ғана салынады.

Айжан Есмағамбетова америкалық Pfizer вакцинасы осы жылдың төртінші тоқсанында жеткізілетінін айтты.

Бұған дейін Pfizer компаниясымен вакцинаны Қазақстанға жеткізу бойынша алдын ала келісімге қол жеткізілгені хабарланған еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да