Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин Үкімет отырысында мәлімдеді.
Бүгінде республикада 3,3 миллионға жуық адам бірінші компонент, шамамен 2 миллион адам екінші компонентті салдырды. Бірақ, Асқар Маминнің айтуынша, бұл жеткіліксіз.
Әкімдер вакцина салу қарқынын күшейту керек, бұл әсіресе Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарына қатысты. Еңбек ұжымдарында, қызмет көрсету, білім беру саласында міндетті вакциналауды енгізу қажеттігі айқын, — деді премьер-министр.
Асқар Мамин «қызыл» аймаққа енген өңірлерде карантиндік шараларды күшейтуді тапсырды.
Сондай-ақ резервтік инфекциялық орындар дайындалып, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар жеткілікті болуы керек.
