Тіркеуге тұрмаған азаматтарға 7 қаңтардан бастап айыппұл салынады

Осы жылдың 7 қаңтарынан бастап жалға берушінің (жалдауға берушінің) меншiк иесiне тиесілі немесе басқа да тұлғалардың қарамағындағы тұрғынжайларда, ғимараттарда және (немесе) үй-жайларда жеке тұлғалардың тiркеусіз тұруына жол берілуі анықталған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады (10 айлық есептік көрсеткіш – 22 690 теңге).

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы азаматтарының, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тiркеусіз тұруы да әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тiркеусіз тұру мерзімі 3 айдан 1 айға дейін қысқартылды.

Тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы талаптар әлемдік практикаға сай. Қазақстанда тұрғындарды тұрғылықты жері және уақытша болатын жері бойынша тіркеу келесі заңнамаларда қарастырылған:

– ҚР паспорттық жүйесі туралы ережесі (05.04.1993ж. № 256);

– Халықты құжаттандыру және тіркеу ережесі (10.07.2000ж. № 1063);

– Ішкі мигранттарды тіркеу ережесі (01.12.2011ж. № 1427).

Тіркеусіз тұрғаны үшін әкімшілік жауапкершілік бекітілді (2001 жылғы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 377-бабы, қолданыстағы ҚР ӘҚ кодексінің 492-бабы).

Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тіркеу міндеттілігі «Халықтың көші-қоны туралы» заңымен де бекітілді. Мұнымен қоса, аталмыш заңда тұрғын үйдің иесі өз меншігінде тұратын тұлғаларды тіркеуге қою міндеттемесі жоқ.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы заңнамадағы бұл олқылықты жояды.

ДереккөзBnews

2 пікір

  1. Жарайды солайак болсын келістік. енді елдің барін мал сякты цонга тыгып коймай уакытша тіркеу жүргізетін косымша терезелер ашсын.обед уакытын кыскартсын цондарда. барін карау керккой не сұмдык мынау енді.заң шыгарган білармандар өздері барып тұрып көрсінші елмен бірге кезекте канша күн жұреді екен.заң шыгармай тұрып алдымен кандай шартта тез жүргізлетін жолында карау керек үкімет.

  2. Мен отбасыммен ата енемнин уйинде тиркеудемин.бирак биз ауылда баска жерде уй жалдап журик.сонда биз не истеу керекпиз

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да