Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
Жекпе-жек Лос-Анджелесте өтті. Бұған дейін Батыр Жүкембаев барлық кездесуін Канадада өткізетін.
Жекпе-жек 12 раундқа есептелген. Төртінші раундта Сабриэль Матиас қазақстандық боксшыны нокдаунға түсірді. Сегізінші раундтан кейін Батыр Жүкембаев бұрышы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.
Батыр Жүкембаев карьерасында алғаш рет жеңіліп отыр. Бұған дейін өткізген 18 жекпе-жегін жеңіспен аяқтаған. Оның 14-ін мерзімінен бұрын бітірген.
Ал Сабриэль Матиас осы уақытқа дейін 17 жекпе-жектің 16-сында жеңіске жеткен.
