«Вакцина алмасақ болмайды». Білім министрі мұғалімдерге үндеу жасады

Вакцинаға қатысты әртүрлі алып-қашпа сөздер бар. Оны білеміз. Біреу былай дейді, екіншісі былай дейді. Заң бойынша вакцина алу — әр адамның өз еркі. Өзі шешім қабылдайды. Бірақ, мектептерді ашамыз, дәстүрлі форматқа көшеміз десек, жалпы мектепте жұмыс істеп, ары қарай тиісті, қажетті сағаттарымызды аламыз десек, әрине вакцина алмасақ болмайды. Өйткені, вакцина салғызу — ең әуелі өзіңді, екіншіден — жақындарыңызды қорғау. Үшіншіден, балаларды қорғаудың бірден-бір кепілі, — деді министр республикалық педагогикалық кеңесте.

Сонымен бірге ол өзінің және әріптестерінің барлығы қазақстандық және өзге де вакциналарды алғанын атап өтті.

Сондықтан сіздерге үндеу жасаймыз. Көздеріңіз ашық қой. Білім саласында істейтін әріптестеріміз вакцинаның не екенін біліп, адамзаттың ойлап тапқан ең үлкен жақсы шешімдерінің бірі екендігін біле тұрып, вакцина алмасақ, онда кім алады? Біз — ағартушы саламыз. Басқаларға «вакцина алыңдар, алып-қашпа сөздер өтірік, сенбеңіздер» деп айтуымыз керек. Сондықтан осы вакцинаны белсенді алуларыңызды сұраймыз, — деді Асхат Аймағамбетов.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да