Шығыс Қазақстан облысындағы орман өрті толық сөндірілді

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі ресми өкілі Талғат Уәли ​​хабарлады. ​ ​

2021 жылғы 12 мамырда сағат 14.30-да Риддер қаласындағы орман өрті 272,4 га алаңда  (өрттің жалпы ауданы – 287,4 га, оның 272,4 га –орман аймағы) сөндірілді, — деді ол.

Еске салайық, өрт 2021 жылғы 10 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы маңындағы Лесхоз кентінде сағат 13.55-те орманға жайылған өрттен туындаған еді.

Желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетіп, 5 көшеде 31 үй, 5 жеңіл автокөлік және шаруашылық құрылыстарының 7 учаскесінде, сонымен бірге ТҚС үй-жайын от шарпыған, — деді Талғат Уәли.

Оның айтуынша, өртенген үйлерде 72 адам, оның ішінде 11 бала тұрған.

Қазір 13 азамат жатақханаға, қалғандары туыстарының үйлеріне орналастырылды. Өртті сөндіруге 493 жеке құрам, 69 бірлік техника, 2 тікұшақ жұмылдырылды.

Төтенше жағдайлар министрлігі табиғи өрттердің туындау қаупін азайту мақсатында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға үндеді:

  • жанып тұрған сіріңке мен темекі тұқылын тастауға жол бермеңіздер;
  • орман және дала алқаптарында от жағуға жол бермеңіздер;
  • шыны ыдыстарды өзіңізбен бірге алып жүру керек, өйткені күн сәулесі әйнектен өтіп, құрғақ шөпті фокустап, өртеп жіберуі мүмкін;
  • жанғыш қоқыстарды шығару және елді мекендер аумағын жинау, құрғақ өсімдіктерден тазарту және минералдандырылған жолақтарды қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүргізіңіздер;
  • табиғи өрттер туындаған жағдайда дереу өртке қарсы қызметке 101, 112 телефондары бойынша хабарласыңыздар.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да