Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қала әкімдігі тұрғындарды санитария нормаларын қатаң сақтауға үндеді.
Сәуірдің 4-нен 5-іне қараған түні белгіленген шектеулердің бұзған 9 нысан анықталды. Оның 8-і мейрамхана, дәмхана мен дүкендер, 1 сауна бар. Сонымен бірге 55 жеке тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды.
Ал 19 наурыз бен 5 сәуір аралығында белгіленген шектеулерге қатысты барлығы 457 бұзушылық анықталды, оның ішінде:
- Алатау ауданы бойынша — 15 факт ;
- Алмалы ауданы бойынша — 90;
- Әуезов ауданы бойынша — 79;
- Бостандық ауданы бойынша — 74;
- Жетісу ауданы бойынша – 36;
- Медеу ауданы бойынша — 61;
- Наурызбай ауданы бойынша – 32;
- Түрксіб ауданы бойынша — 56.
Құқық бұзушылық анықталған нысандардың жалпы санының ішінде мыналар бар: 299 мейрамханалар, дәмханалар мен дүкендере, 68 компьютер клубы, 12 бильярд клубы, 37 СПА-салон, 21 сауна, 2 кальян бары, 11 караоке клубы, 3 лото клубы, 5 түнгі клуб. 2 410 жеке тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды.
Эпидемиология ахуалының күрделенуіне, сонымен бірге мутацияланған британдық және Оңтүстік африкалық коронавирус штамдарының тез таралуына қарамастан, қала тұрғындары адамдар көп жиналатын іс-шараларды барып жатыр.
Мысалы, ағымдағы жылдың 3 сәуірінде Алмалы ауданының мониторингтік тобы «Физика» бар-клубының нормативтік талапты бұзғанын анықтады. Жұмыс істеуіне тыйым салынғанына қарамастан келушілерді қабылдаған. Жалпы, 45 жеке тұлғаға қатысты әкімшілік жауапкершілік туралы хаттамалар толтырылды. Тіпті, аталған бар клуб осымен үшінші рет тәртіп бұзуып отыр. Өйткені, соттың шешемі бойынша клубтың жұмысы 1 ай мерзімге тоқтатылған еді. Сондықтан заңды тұлғаның ісі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабына сәйкес клуб жұмысын қызметін тоқтату үшін оған қатысты материалдар Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жіберіледі.

Наурызбай ауданында Қыдыров көшесі, 39 мекен-жайы бойынша орналасқан «Мара» мейрамханасында өткізіліп жатқан бизнес-тренинг тоқтатылды. Мониторингтік топ келген сәтте іс-шараға 50-60 адам қатысқан. Сонымен бірге құқық бұзушылар дөрекілік көрсеткен. Барлық материал әкімшілік хаттама толтыру үшін берілді. Қатысушыларға 30 АЕК (87 510 теңге) айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жалпы, тиісті нормативтік талаптарды бұзғандар арасында мыналар да бар:
- Бостандық ауданы Бәйшешек көшесі, 74 мекенжайда шара өткен, оған 40-қа жуық адам жиналған;
- Алмалы ауданында «Биографи» лаундж бары жұмыс істеген, онда 40-қа жуық адам болды;
- Медеу ауданында «Friendli» лаундж бары жұмыс істеді, онда 40-қа жуық адам болды.
- Бостандық ауданында «Papa Pipe» лаундж бары жұмыс істеген, онда 40-қа жуық адам болған.
Алматы әкімдігі тұрғындарды карантин шараларын сақтауға үндеді. Қалада 4 сәуірде коронавирус инфекциясының 611 жағдайы тіркелді, оның 519-ы симптомды және 92-сі симптомсыз. Инфекция стационарларында барлығы (5 610 төсек) 3 263 адам емделіп жатыр, ересектерден — 67 науқастың жағдайы өте ауыр, 638-і ауыр, 2 558-і орташа ауыр жағдайда. Өткен тәулікті 89 пациент сауығып, үйлеріне шығарылса, 276 науқас түскен.
