Қазақстанда бір тәулікте 1 445 адам коронавирус жұқтырды

Жаңа дерек Алматыда (545), Нұр-Сұлтанда (204) және Алматы облысында (177) көп тіркелді. Ал Маңғыстау облысында өткен тәулікте бірде-бір коронавирус дерегі тіркелген жоқ.

Өңірлерде бүгінге дейін және бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны:

Алматыда — 33 557 (+545);
Нұр-Сұлтанда – 30 238 (+204);
Шығыс Қазақстан облысында — 22 822 (+22);
Павлодар облысында — 19 090 (+30);
Атырау облысында — 18 577 (+63);
Қарағанды облысында — 17 563 (+92);
Ақмола облысында – 15 284 (+45);
Батыс Қазақстан облысында – 14 952 (+76);
Қостанай облысында — 13 747 (+38);
Солтүстік Қазақстан облысында — 13 026 (+25);
Алматы облысында — 13 287 (+177);
Шымкентте — 6 758 (+13);
Жамбыл облысында – 6 373 (+25);
Ақтөбе облысында — 5 154 (+73);
Түркістан облысында – 4 478 (+8);
Маңғыстау облысында — 4 396 (+0);
Қызылорда облысында — 4 016 (+9).

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 243 318-ге жетті. Оның 218 031-і жазылып шықты, 3 029-ы қайтыс болды.

COVID-19 белгілері бар пневмония жөніндегі дерек

28 наурыздағы мәлімет бойынша 10 дерек тіркелді, 2 жағдай өліммен аяқталды, 192 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап коронавирус белгілері пневмонияны 50 443 адам жұқтырды, 684 науқас қайтыс болды, барлығы 47 837 адам аурудан айықты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да