19-21 қыркүйек күндері республиканың көп өңіріндегі ауа райына антициклон әсер етеді.
Жауын-шашын біртіндеп тоқтайды, температура көтеріледі. Қазақстанның батысына Мәскеу аудандарынан циклон ықпал етеді, оның әсерінен толассыз жаңбыр жауып, найзағай ойынайды, екпіні күшті жел тұрып, дауыл соғады және бұршақ жаууы мүмкін, — деп хабарлады синоптиктер.
