Жаңа дерек елдің 14 өңірінде тіркелді. Шымкентте, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында инфекция жұқтырғандар анықталмады.
Өзге өңірлермен салыстырғанда Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандар көп. Мұнда кейінгі тәулікте 17 науқастың бойынан инфекция табылды.
Өңірлерде пандемия басталғалы және өткен тәулікте COVID-19 жұқтырғандар саны:
Алматыда — 14 299(+11);
Нұр-Сұлтанда — 13 924(+13);
Атырау облысында — 10 975(+8);
Қарағанды облысында — 10 167(+8);
Шығыс Қазақстан облысында — 8 344 (+17);
Батыс Қазақстан облысында — 6 797(+2);
Шымкентте — 5 182(+0);
Алматы облысында — 4 915(+5);
Жамбыл облысында — 4 104(+2);
Солтүстік Қазақстан облысында — 4 000(+5);
Павлодар облысында — 3 866(+3);
Қостанай облысында — 3 440(+2);
Ақмола облысында — 3 432(+4);
Түркістан облысында — 3 348(+4);
Маңғыстау облысында — 3 336(+2);
Қызылорда облысында — 3 231(+0);
Ақтөбе облысында — 3 224(+0).
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 106 584-ке жетті, 100 248 адам аурудан айықты, 1 651 науқас қайтыс болды.
