Мемлекеттік комиссия Денсаулық сақтау министрлігінің ұстанымы мен әкімдердің ұсынысы бойынша Нұр-Сұлтан және Алматыда кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс істеуіне кезең-кезеңмен рұқсат беру туралы шешім қабылдады.
Бірінші кезең аясында биылғы 20 сәуірден бастап өнеркәсіп және құрылыс кәсіпорындарының және қызмет көрсету саласының кейбір секторының жұмысы қалпына келтіріледі. Олардың жұмыс істеуі үшін қойылатын міндетті шарт — санитария-эпидемиология нормаларын қатаң сақтау. Бірінші кезең аясында Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмысы қалпына келтірілетін кәсіпкерлік қызмет түрлерінің нақты тізімін мемлекеттік комиссия 15 сәуірде бекітеді, — деп хабарлады Премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Үкімет басшысы Асқар Мамин қалыпты жұмысқа кірісетін нысандарда санитария-эпидемиология қауіпсіздігін сақтауды, жұмыста қызметкерлердің өзара қашықтық сақтауына қатаң бақылау жасауды тапсырды.
