Қала әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, штабтың алғашқы отырысында Бақытжан Сағынтаев міндеттерді бөліп, нақты тапсырмалар берді.
Басты міндет — қаланың карантин аймағын түгел қоршауға алу және Алматыға кез келген тәсілмен кіріп-шығуға жол бермеу.
Қалаға заңсыз кіруге немесе қаладан заңсыз шығып кетуге тырысқан адамдарға карантиннің ортақ игілігіміз үшін енгізілгенін жеткізе түсіндіру керек. Адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтау маңызды болып тұр. Ол үшін коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеуіміз керек. Біз Еуропа елдерінде қауіпті вирус бейқамдықтың салдарынан таралғанын білеміз. Осыдан қорытынды шығарып, оның алдын алу бойынша әрекет етіп жатырмыз, — деді Бақытжан Сағынтаев.
Мемлекет басшысы карантин талабын бұзғандарға жаза қолдануды тапсырған еді. Соған байланысты қоғамдық кеңістікті патрульдеу, жарық қою және бейнебақылаумен жабдықтау бойынша шаралар күшейтіледі.
Қоғамдық орындарда санитариялық өңдеу жүргізіле береді. Халыққа қызмет көрсету орталықтары уақытша жабылады. Қала кеңістігін дезинфекциялау үшін шаруашылық техникасы қайта жабдықталады.
Шетелден келетін жолаушыларды оқшаулау жалғаса береді. Кәсіпкерлер мен басқа да азаматтар үшін блокпостардан өту тәртібі туралы жадынамалар әзірленді.
Көпбалалы отбасыларға, мүгедектігі бар азаматтар мен халықтың әлеуметтік көмекке мұқтаж басқа да топтарына тегін азық-түлік пен тұрмыс бұйымдары таратылады.
Президенттің барлық тапсырмасы бойынша нақты шаралар әзірленеді.
Төтенше жағдай кезінде табыссыз қалғандарға жәрдемақы төленеді
