Қазалыда азық-түлікті төмен бағада ұсынатын сауда орны ашылды

Қазалы ауданында «Ажар сити» сауда орталығының көтерме сауда орны ашылды.

Көтерме сауда орнын ашудағы негізгі мақсат — аудандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру. Әйтеке би кентіндегі «Нұршуақ» автобекетінде орналасқан сауда орнында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік жеткілікті. Сауда орны аудан тұрғындарына 50-ге жуық тауар түрін ұсынып отыр, — делінген аудан әкімі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мысалы, екінші сұрып ұнның бағасы 5 250 теңгеден басталады. Ал, бірінші сұрып «Стандарт» ұны — 6000 теңге, бірінші сұрып «Ажар» ұны — 3623 теңге (25 келі), 6825 теңге (50 келі), жоғары сұрып «Ажар» ұны — 945 теңге (5 келі), 1838 теңге (10 келі), 3825 теңге (25 келі), 7100 теңге (50 келі), бірінші сұрып «Адема» ұны — 3754 теңге (25 кг), 7000 теңге (50 кг), жоғары сұрып «Адема» ұны — 3938 теңге (25 келі).

Нан бағасы — 65 теңге. Күріш пен өсімдік майы да базардағыдан төмен бағада сатылып жатыр. Алдағы уақытта сауда орнына көкөністер де қойылады.

«Ажар Сити» сауда орталығы Қызылордада азық-түлік және азық-түлік емес тауарларына баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында ашылған.