Шиеліде жастар бетперделерді тегін үлестірді

Шиелі ауданының ерікті жастарының ұйымдастыруымен «Тоғжан» тігін цехында және Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің тігін цехында жасалып жатқан бетперде төмен бағада сатып алынып, аудан тұрғындарына тегін үлестірілді.

Тегін бетперде орталық базар сатушылары мен қоғамдық көлік жүргізушілеріне және Шиелі ауданының теміржол вокзалына, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға таратылды.

Медициналық бетпердемен қоса, коронавирустың алдын алуға арналған таратпа материалдар да үлестірілді.