Қызылорда командасы пара пауэрлифтинг бойынша жүлделі оралды

Нəтижесінде мүгедектерге арналған спорт клубының спортшылары Кабира Асқарова (50 келі), Станислав Шакиев (59 келі) жəне Айгүл Байжанова (86 келі) Қазақстан жеңімпазы атанды.

50 келіде мүгедектер спорт клубының спортшысы Фариза Төлжан, 79 келіде «Қажымұқан» спорт клубының спортшылары Дана Темірхан күміс, 55 келіде Нарқыз Абдрасилова қола жүлделерге ие болды.

Командалық чемпионатпен қатар өткен жастар арасындағы ел чемпионатында Дана Темірхан мен Нарқыз Абдрасилованың қанжығасы майланып, жүлделі І орынға ие болды.

Айта кетейік, спортшыларды сайысқа облыстың аға жаттықтырушысы Бақытбек Рысбаев жəне жаттықтырушылар Еркебұлан Зайдашов пен Кабира Асқарова дайындады.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!